- 15 январьдан бастап Өзбекстан аумағына келетін азаматтар (автокөлік қозғалысын қоспағанда) кіруден кемінде 48 сағат бұрын ПТР бойынша коронавирус инфекциясы теріс талдау нәтижесін, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның бар-жоғын анықтау үшін экспресс-антиген сынамасын тапсыруы қажет.
2.Бұл ретте Қырғызстан аумағынан шекаралық автомобиль бақылау бекеттері арқылы келетін азаматтар кіруге кемінде 48 сағат алдын ПТР бойынша коронавирус инфекциясына теріс талдау нәтижесін ғана, ал басқа да көрші мемлекеттердің аумағынан келетін азаматтар коронавирус инфекциясының бар екеніне экспресс-антигенді тест тапсыруы тиіс.
Өзбекстан азаматтары, сондай-ақ Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары Өзбекстанның Сух, Шохимардон, Чунғара, Тоштепа, Бунёдкор, Жоми және Қардашлик елді мекендерінің аумағына кіру мен шығу, транзит арқылы өтуде коронавирус инфекциясы үшін барлық тесттерді тапсырулары талап етілмейді.
3.Сонымен қатар 15 январьдан бастап Өзбекстанның Қазақстанмен мемлекеттік шекарасын екі мемлекет азаматтарының кесіп өтуі уақытша тоқтатылады, төмендегі санаттағы адамдарды қоспағанда:
әуе жолдарымен келетін барлық санаттағы азаматтар;
еліне оралған Өзбекстан және Қазақстан азаматтары (кейінгі орындарда тараптардың азаматтары деп айтылады);
үкіметаралық курьерлік байланыс қызметкерлері;
халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер;
ресми (үкiметтiк) делегациялар құрамында болған тұлғалар;
дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері;
Қазақстан аумағында орналасқан Өзбекстан нысандары, сондай-ақ Өзбекстан аумағында орналасқан Қазақстан нысандарына қызмет көрсететін қызметкерлер;
осы елдерде инвестициялық жобалар шеңберінде қызметін жүзеге асыратын Өзбекстанның, сондай-ақ Қазақстанның азаматтары;
Өзбекстанда тұрақты жасайтын Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты жасайтын Өзбекстан азаматтары;
оқу мақсатында тараптардың азаматтары;
ауыр науқасқа шалдыққан жақын туыстарын көру немесе жақын туыстарын жерлеуге қатысу үшін медициналық емдеу мақсатында кіретін (келе жатқан) тараптардың азаматтары;
өзбекстандық қайтыс болған азаматтардың табыттарын Қазақстан аумағында, Қазақстан азаматтарының Өзбекстан аумағында ынтымақтастық жасап жатқан тараптардың азаматтары.