Электросамокаттар жылдамдығына шектеу қойылды

    Электросамокаттағылар сағатына 10 км-ден жоғары жылдамдықта қозғалуына тыйым салынады.

    Министрлер Кабинетінің қаулысымен үкіметтің кейбір қаулыларына жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер мен қосымшалар енгізілді.

    — жедел медициналық жәрдем көрсету машиналары, электро мотоцикльдер, мопедтер мен скутерлер үшін арнайы мемлекеттік нөмерлері енгізілуде (толығырақ суретте);

    — индивидуалды қазғалатын құралдарында (электро самокат, электро скейтбордтар, сегвей, унитцикл, монодөңгелек және тағы басқалар) 14 жасқа толмаған тұлғалардың басқаруы, жаяу жүргіншілер өтетін жерде қозғалу, адам тасу, телефоннан пайдалану және тағы басқалар сияқты бірқатар тыйым салынатын шаралар енгізілуде;

    — индивидуалды қозғалу құралдарын басқаратын тұлғалар жол қозғалысы ережелерін сақтауға, тротуарлардан, жаяу жүргіншілер жолынан және велосипед жолдарында сағатына 10 км-ден аспайтын жылдамдықпен, ал олар болмаған жағдайда жол шетінде сағатына 20 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүруі қажет болады ;

    — скутерлер мен мопедтердің қозғалуын (3.5.1), сондай-ақ индивидуалды қозғалыс құралдарын басқаруды (3.34) тыйым салатын жаңа жол белгілері енгізілуде.