Оған орай, тұтынушыларға сапалы және тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету, электр желілеріндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және күзгі-қысқы маусымға тыңғылықты дайындық мақсатында бүгін, 22  июнь күні төмендегі мекен жайларда электр қуаты уақытша өшіріледі:

Алмазор ауданы: «Пахта» МАЖ-ның кейбір көшелерінде сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін;

Юнусабад ауданы:  «Сандиқ қўрғон»  МАЖ-ның кейбір көшелерінде сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін;

Яшнабад ауданы: «Жарбоши» МАЖ-ның кейбір көшелерінде сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін;

Мирзо Ұлықбек ауданы: «Гулсанам» МАЖ-ның кейбір көшелерінде сағат10.00-ден 16.00-ге дейін.

 «Өз кезегінде, жоғарыдағы аумақтарда жөндеу жұмыстары белгіленген уақыттан бұрын аяқталуы мүмкіндігін білдіреміз», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, «Худудий электр желілері» АҚ Ташкент қалалық филиалы аталған жөндеу жұмыстарына байланысты электр қуатындағы уақытша үзілістер себепті жеткізіллген қолайсыздықтар үшін аумақтардағы тұрғындардан  кешірім сұраған.