Бұл туралы Veolia Energy Tashkent ақпараттық қызметі хабарлады.
Мәліметтерге орай, 30 майға қараған түні 510 метр тозығы жеткен жылу құбырын ауыстыру жұмыстары басталған. Осыған байланысты Сіргелі ауданындағы кейбір жолдардың қатынау бөлігі жабылады. Жол қозғалысына шектеулер «Обихает» көшесінің бойымен Сіргелі жәрмеңкесі қиылысынан «Хавас» супермаркетіне дейін болады. Жұмыс көлемі үлкен болғандықтан құбырды ауыстыруға 1 айға жуық уақыт кетеді.
Көлік жүргізушілерінен осы кезеңде айналма жолдарды пайдалануды сұрайды. Компания қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жұмысты тезірек аяқтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.