17 декабрьден бастап АИ-80 маркадағы жанармай 6500 сумға сатылады

    Іс-шаралар 17 Dekabr 2021 492

    «Узбекнефтегаздың» АҚ-ға тиісті жанармай құю бекеттеріндегі жанармай бағасы 6500 сум болып бекітілген.

    Соңғы күндері жанармай тапшылығына байланысты интернет-әлеуметтік желілерде сыни пікірталас болды.

    «Узбекнефтгаз» АҚ Басқарма төрағасының тапсырмасы негізінде, «Жұмыс топтары» құрылып, мұнай өнімдерін тұтынушыларға жеткізу толығымен бақылауға алынды.

    Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бензин тапшылығына тосқауыл қойылып, тұтынушылық сұраныс пен ұсынысқа сәйкес бағаны кезең-кезеңімен төмендету енгізілді.

    Жанармай тапшылығының алдын алуда және оның арзандатуда «Узбекнефтегаз» АҚ, Монополияға қарсы күрес комитеті және “Тауар шикізат биржасы” АҚ-мен ынтымақтастықта іс-шаралар жасалды.

    Нәтижесінде «Узбекнефтегаз» АҚ-ға қарасты АЖҚБ-ларда бүгін, 17 декабрьден бастап АИ-80 маркалы жанармай 6 890 сумнан төмендетіліп, әр литр үшін 6500 сумға дейін арзандады.

    Республика аумағында «Узбекнефтегаз» АҚ-ның АЖҚБ-ларында барлық жанар-жағармай құю бекеттерінде бензин бірдей бағамен сатылады, деп хабарлайды «Узбекнефтегаз» АҚ баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates