Сапар барысында GTL зауытында өндірілетін жаңа түрдегі синтетикалық жанылғы өнімдерін өндірудің ағымдағы жағдайы, олардың сапасы мен стандарттарға сәйкестігі, өнімді сақтау, сату және тұтынушыларға жеткізу үдерістері туралы толық ақпарат берілді.
Делегация өкілдері зауыттың заманауи басқару панелдері арқылы 11 мыңға жуық қондырғы және негізгі өндірістік құрылғылардың синхронды эксплуатациялау технологиялық жүйесімен толық танысты.
Сондай-ақ, «Узбекнефтгаз» АҚ Басқару төрағасы, «Uzbekistan GTL» жауапкершілігі шектеулі қоғамның бас директоры мен «Air Products» компаниясы өкілдері арасындағы келіссөздер барысында ынтымақтастықтың алдағы жоспарлары келісілді, деп хабарлайды «Ўзбекнефтгаз» АҚ-ның баспасөз қызметі «Uzbekistan GTL» ақпараттарына сүйеніп.