Бірінші жартыжылдықта 333,3 мың тонна сұйытылған газ өндірілген

    Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде көмірсутектерді өндіру көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында 43 құдық бұрғыланды.

    Бұл туралы АОКА-да өткен брифингте «Узбекнефтгаз» АҚ ақпарат қызметінің басшысы Мумин Ибодов мәлімдеді.

    Үстірт аймағындағы терең юра қабаттарының газ болашағын зерттеу мақсатында, Өзбекстан тарихында тұңғыш рет тереңдігі 5500-6500 метр болған «Қуий Сургил» кен орнындағы №11 , “Сарыжол” кеніндегі 1-санды және "Ғарбий Қуйи Сургил" кеніндегі 1П-санды құдықтарда бұрғылау істері соңғы басқышқа жеткізілді.

    Сондай-ақ, 40 ұңғымаға күрделі жөндеу және 20 технологиялық іс-шара жүргізілді. Атап айтқанда, «Шортан» кенінде Қытайдың "Jereh" компаниясының мамандарымен бірлесіп 5 шағын компрессорлық станция іске қосылды.

    Кендерде 4 алдын ала газ дайындау қондырғысы салынып, пайдалануға берілді. Табиға газ жүргізу тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін газ транспорт жүйесінде 56,4 км газ құбырлары тартылды.

    846,7 мың тонна көмірсутек шикізаты қайта өңделіп, 525,9 мың тонна авто жанармай, 307,6 мың тонна дизель отыны өңделді, соның ішінде "GTL" дизель жанылғысы – 184,3 мың тонна, авиациялық керосин – 98,3 мың тонна, соның ішінде "GTL" керосині – 50,9 мың тонна және "GTL" нафта – 121,5 мың тонна өндірілді.