Ғузарлық 2500 үйге газ тартылды

    Энергия 10 Dekabr 2021 1396

    «Ўзбекнефтегаз» АҚ «Шортан» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты «Номозбой» газ кен орнында бірінші газ тазарту қондырғысы іске қосылды. Бұл Қашқадария облысының Ғузар ауданы тұрғындарына көп табиғи газ жеткізіп беру мүмкіндігін береді.

    Газ өндіруді ұлғайту және төмен қысымдағы газ ұңғымаларын тиімді пайдалану және Ғузар ауданы халқының белгілі бір бөлігін үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Шортан мұнай және газ өңдеу басқамасындағы Оңтүстік Таңдырша» цехына қарасты «Номозбой» кені газды алғашқы өңдеу қондырғысы құрылып, пайдалануға берілді.

    Қазіргі таңда тәулігіне 40 000 текше метрден 80 000 текше метрге дейін көлемде тұтынуға қойылған техникалық талапқа сай табиғи газ «Худудгазтаминот» АҚ арқылы Ғузар ауданы тұрғындарына жеткізіп бере бастады. Бұл аудандағы 2500 үйді газбен қамтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates