2022 жылғы астық өнімі үшін ең төменгі баға белгіленді
Агросектор
12 Мам 2022, 10:27
2 994
Өзбекстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 6 мартындағы ПҚ-4634-санды «Астықты жетістiруде, сатып алуда және сатуда базар қағидаттарын кеңiнен енгiзу іс-шаралары туралы» қаулысына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен фермерлік, диқан шаруашылықтары және есік алды жер иелерінің кеңесіне әлем базары, аумақтық биржаларының бағаларына талдау жасап, келесі жылдың астығы үшін күтілетін ең төменгі бағаларды жариялап, базардағы бағаларға қарап, әр тоқсанда осы бағаға түзетулер енгізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау міндеті жүктетілген.
Осыған сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен фермерлік, диқан шаруашылықтары мен есік алды жер иелері кеңесі тарапынан әлем базары мен аумақтық биржалар нарықтары талданып, 1 тонна астық үшін күтілетін ең төменгі бағасы 3,0 миллион сум болатынын жариялайды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Базарлардағы бағаларды ескере отырып, әр тоқсанда күтілетін ең төменгі бағаға түзетулер енгізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.