Ауыл шаруашылығы министрлігі шекер бағасының қымбаттауы туралы хабарға қатысты пікір білдірді

    Әлеуметтік желілерде және кейбір ақпараттық сайттарда Ресей Федерациясының Өзбекстанға шекер жеткізуді тоқтатуы, бұл республикамыздың ішкі базарында шекер бағасының өсуіне әкелетіні туралы ақпарат тарады.

    Шекер бағасының өсуіне қатысты таралып жатқан хабарлар туралы Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі төмендегілерді хабарлайды.

    Ресей Федерациясының шекер экспортын шектеуі Өзбекстанның ішкі базарында тапшылықты туғызбайды, өйткені біздің республикадағы ірі шекер зауыттарының қызметі Ресеймен байланысты емес.

    Өзбекстанда шекер өнімдеріне болған орташа жылдық сұраныс 650-700 мың тоннаны, оның 335 мың тоннасы халықтың тұтынуына (халық саны 36,8 миллион адам, медициналық мөлшері бойынша бір адамға 9,1 кг/жылына) және 335 мың тоннаны және азық-түлік өнеркәсіпорындарының сұранысына 300-350 мың тоннаны құрайды.

    Республикада жұмыс істейтін 2-і : «Ангрен Шакар» және «Хоразм Шакар» ЖШҚ шекер өндіру кәсіпорындарының жылдық қуаттылығы 900 мың тоннадан асады, бұл ішкі базардың сұранысын артығымен қамтамасыз етуге жеткілікті. Бұл кәсіпорындар 2023 жылы 600 мың тоннадан астам шекер өндірді.

    Сондай-ақ 2023 жылы шекер импорты 150 мың тоннаны құрап, тек Ресейден ғана емес, Пәкістаннан, Қазақстаннан, Тайландтан, Үндістаннан және басқа елдерден де шекер импортталуда.

    Мұнда негізінен ірі өнеркәсіпорындары тарапынан (мысалы, «Coca-cola Ichimligi Uzbekistan LTD» БК ЖШҚ) өз қажеттіліктері үшін дайын өнім өндіру үшін шикізат ретінде импортталған.

    Сонымен қатар 2023 жылы шикізат негізінен, 762 мың тонна көлемінде (шекер өндірісінің 98%) Бразилия мен Үндістаннан импортталған.

    Бүгінде екі шекер өндіретін зауыттар биржаға ішкі базар үшін күніне 2 100 тонна өнім шығарып, шекердің көптігінен оның 300 тоннасы ғана сатылуда. Шекер сатылмай қалғандықтан, кәсіпорындар базар бағасынан төмен бағамен ұсынып жатыр.

    Бүгінде (5 апрель жағдайы бойынша) ішкі базардағы шекердің орташа бөлшек сауда бағасы 13,8 мың сумды құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға өскен.

    Шекер өндіретін кәсіпорындардың мәліметінше, бүгінгі таңда жеткілікті (4 айлық саудаға) шекер мен шекер шикізатының қоры бар. Сондай-ақ шекер өндіруге арналған шикізатты Бразилия елінен әкелу жалғасуда.

    Демек, дайын шекер өнімдерін тек Ресейден ғана емес, басқа елдерден де әкелу шектелсе де, жергілікті кәсіпорындардың ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге қауқары бар.

    Айта кетерлік жайт, халықты сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және базардағы баға тұрақтылығын сақтау үшін қажетті шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates