Жасалған бір келісімнің орташа құны 2,6 миллион сумды құраған. Сатылған автокөлік нөмірлерінің 91 пайызын жеке тұлғалар, 9 пайызын заңды тұлғалар сатып алған.

Өткен кезеңде сатылған автонөмірлердің ең төменгі бағасы 494,9 мың сумды, ал ең қымбат авто нөмірдің құны 348,0 миллион сумды құраған.

Бәсекелестік сауда-саттық нәтижесінде келісімдердің  5 пайызы — бірінші санаттағы көлік нөмірлер, 8%-ы екінші, 8%-ы үшінші, 11%-ы төртінші,  22%-ы бесінші және 46%-ы алтыншы санат көлік нөмірлеріне дұрыс келген.

Аумақтар кесімінде ең көп көлік номерлер  Ташкент қаласы мен Ташкент облысында  (31%), Самарқант пен Қашқадарияда ( 8%-дан), Наманган, Әндіжан және Сұрхандарияда ( 7%-дан) және Хорезмде (6%) сатып алынған.

Автокөлік нөмірлерін онлайн-аукциондарда сатудан түсетін түсімдердің 80 пайызы Өзбекстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне, 20 пайызы Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің материалдық-техникалық базасын дамыту,  қызметкерлерді материалдық ынталандыру және басқа да қаражаттар Арнайы қорына бағытталады.