«Bank of Georgia» мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу бойынша бірінші келісім жасады

    «Bank of Georgia» АҚ «Өзбекстан Республикалық валюта биржасы» АҚ (УзРВБ) платформасында дилер ретінде мемлекеттік бағалы қағаздарды (МБҚ) сатып алу бойынша алғашқы келісімді жасады.

    Бұл Өзбекстанның капитал базарына халықаралық инвесторларды тарту және оны дамытуда маңызды қадам. Осы келісім Мемлекет басшысының 2023 жылғы 2 сентябріндегі «Капитал базарын дамытудың қосымша іс-шаралары туралы» қаулысымен құрылған «Реттейтін» арнайы құқықтық режимі аясында жүзеге асырылды.

    Еске сала кетейік, бүгінде УзРВБ саудаларында биржа мүшелігіне қабылданған ұйымдардың қатысуы мүмкін. «Bank of Georgia» АҚ биржа саудасына қатысуға және мемлекеттік бағалы қағаздар базарында операцияларды жүзеге асыруға құқық беретін «В» санаты бойынша УзРВБ мүшелігіне қабылданған.

    «Bank of Georgia» мемлекеттік бағалы қағаздар базарында инвестор ретінде қатысуын қамтамасыз ету мақсатында УзРВБ-ның есеп –қисап -клиринг жүйесінде есеп-шоты ашылды. Сондай-ақ шетелдік номиналды иелеріне «депо» есеп-шоттарын (омнибус шоттары) және тікелей индивидуалды шоттарды ашу мүмкіндігі жаратылды.

    Белгілі халықаралық инвесторлардың елдің капитал базарына қатысуы қаржылық қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсартуға және қаржы секторында тәуекелдерді басқарудың жаңа әдістерін енгізуге қызмет етеді.

    УзРВБ халықаралық инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасауға және Өзбекстанның қаржы базарын дамыту мен нығайтуға көмектесетін инновациялық шешімдерді енгізуді жалғастырады.

    Дилшод Улуғмуродов,

    «Янги Узбекистон» газетінің тілшісі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates