Жиынға министрлік пен кеңселер, сала бірлестіктері, Коммерциялық банк және Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қаласының жергілікті билік органдарының басшылары қатысты.

2021 жылы инвестиция саласында қол жеткізілген нәтижелер туралы жедел ақпарат жарияланды. Атап айтқанда, игерілген инвестицияның жалпы көлемі  254 триллион сумды құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 109 пайызға өскен, соның ішінде тікелей шетелдік инвестиция 8,6 миллиард долларды құрады. Есеп беру кезінде мемлекеттік инвестициялық бағдарлама бойынша жалпы құны 5,9 миллиард долларлық 318 ірі инвестициялық жоба, аумақтық инвестициялық бағдарлама аясында 7,4 миллиард долларлық 15 710 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Осы жобалардың нәтижесінде барлығы 275 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Инвестицияларды ынталандыру және инвестициялық жоба бастамашыларына іс жүзіндік қолдау көрсету механизмдерін жетілдіру, сондай-ақ жауапты басшылар мен қызметкерлерді біріктіру арқылы жобалардың іске асырылуын үздіксіз бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді.

Бос тұрған және толық қуатпен жұмыс істемейтін кәсіпорындарды «сауықтыру»  бойынша  жүзеге асырылған істері нәтижелері қаралды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша  2040 осы сияқты кәсіпорынның қызметі үйреніліп, кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету,  мәселелерді шешу бойынша нақты шаралар қабылданды. Нәтижесінде 1908 кәсіпорын (94%)  толық қуатымен өнім өндіруді жолға қойды,өндірісті толық қуатында іске қосты, бұл ел өнеркәсібіне қосымша 4,1 триллион сумдық өнім өндіруге, қосымша 184 миллион доллар экспорттауға және 25 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

152 дана пайдаланылмаған технологиялық жабдық іске қосылып, өз кезегінде, 1257 жаңа жұмыс орны ашылды. Туындаған мәселелерге жедел жауап беру және оны шешу іс жүзіндік көмек беру мақсатында пайдалануға тапсырылған өндіріс нысандарының қызметі мониторинг жасау механизмін жасау тапсырылды.

Инвестициялық қызметін ынталандыру және жобаларды іске асыруды қолдап-қуаттаудың жаңа жүйесін енгізу бойынша қабылданған іс-шаралар туралы есептер тыңдалды. Аумақтық жоба топтардың құрылуын жеделдетіп, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту және кедейшілікті азайту мәселелері бойынша аудан, қала әкімдерінің әр елді мекенде жұмыс істейтін көмекшілерімен тығыз байланыс орнату тапсырылды.

2022 жылы экспорттық әлеуетті арттыру және экспортқа шығарылатын өнім түрлерін көбейту міндеттері қарастырылды. Жергілікті экспорттаушылар алдында тұрған мәселелерді дереу шешу үшін экспорттаушы кәсіпорындардың, тапсырыс берушілер мен өнімдердің көлемін көрсете отырып, экспорттың өсу кестесін қалыптастыру тапсырылды.

Ерекше тәртіпте халықаралық қаржы институттары мен шетелдік мемлекеттік қаржы ұйымдары тарапынан қаржыландыратын жобаларды жүзеге асыру, Өзбекстанның Дүниежүзі сауда ұйымдарына кіруі бойынша келіссөздер, көлік инфрақұрылымын кеңейту және елдегі логистикалық әлеуетті арттыру шаралары және басқа да мәселелер талқыланды.

Жиын соңында жауапты басшылар арасында атқару міндеттері белгіленген тәртіпте бөлінді  және қосымша мекенді тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.