Жарлыққа сәйкес, 2022 жылдың 1 сентябрінен бастап бюджеттік ұйымдардан басқа барлық заңды тұлғаларда соңғы 6 айда үздіксіз жұмыс өтілі бар әйелдерге әр ай үшін минималды тұтыну қаражаттары мөлшеріне қарап  бюджет есебінен жүктілік және тууына байланысты  төлемақы төленетін болды.

2022/2023 оқу жылынан бастап:

Жоғары оқу орындарында, техникумдард мен колледждерде, сыртқы және кешкі оқу орындарында оқитын әйелдердің келісімшарттарын төлеуге 7 жылға пайызсыз несие беру үшін банктерге жыл сайын бюджеттен 1,8 триллион сум бөлінеді;

- мемлекеттік ЖОО-да  магистратурада оқитын барлық әйелдердің келісімшарт төлемдері өтеледі және бұған әр жылы кемінде 200 миллиард сум бөлінеді;

- шетелдік ЖОО-ларға бакалавриат үшін — 50, магистратура үшін —10  әйелге әр жылы “Эл-юрт умиди”  қоры арқылы қосымша гранттар бөлінеді;

- жыл сайын 2 100-ге жуық  аз қамтылған отбасылардың өкілдері, жетім балалардың немесе бағушысынан айырылған студент қыздардың оқу келісімшарттары жергілікті бюджеттен төленеді;

– мамандығы бойынша кемінде 5 жыл еңбек өтеліне ие, бірақ жоғары білімге ие болмаған 500-ге жуық әйелге әр жылы Жанұя және әйелдер мемлекеттік комитетінің ұсыныстарына орай мемлекеттік ЖОО-ларға жалпы квотадан тыс арнайы тест сынақтары нәтижелеріне орай келісімшарт негізінде оқуға қабылданады.

-мемлекеттік ғылыми ұйымдардың немесе ЖОО-ның докторантурасына әйелдер үшін әр жылы кемінде 300-ден мақсатты квота бөлінеді.