Кездесу барысында тараптар Өзбекстан мен Еуропа Одағының Ауғанстан бағытындағы қарым-қатынастардың бүгінгі жағдайы мен болашағын талқылады.

Үстіміздегі жылдың 23 февралінде Ташкент қаласында өтетін Еуропа Одағының және Орталық Азия елдерінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілдері мәслихат кездесуінің ұйымдастырушылық жақтары мен күн тәртібіндегі мәселелерге ерекше назар аударылды.

Ауғанстан дағдарысын шешуде халықаралық қауымдастықтың біртұтас көзқарасын дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Еуропа Одағы өкілдері Өзбекстанның Терміз қаласында Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізілуін үйлестіру үшін халықаралық хаб құру туралы бастамасын қолдап-қуаттайтынын білдірді.

Түрлі деңгейдегі алдағы уақытта екіжақты және аумақаралық іс-шаралардың кестесі бойынша ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.