Кездесуде Өзбекстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашақтары талқыланды.
Тараптар жоспарланған іс-шаралар, атап айтқанда 2022 жылғы 3-4 мартта Ташкентте өтетін БҰҰ-ның Орталық Азиядағы терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын бірлесіп жүзеге асырудың 10 жылдығына арналған халықаралық конференция туралы пікір алмасты. Конференцияны ЕҚЫҰ мен БҰҰ-ның Терроризмге қарсы күрес бюросы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Тараптар Өзбекстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың «Жол картасында» белгіленген жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделі екендіктерін растады.
ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Хельга Шмидтің ағымдағы жылдың март айында Өзбекстанға жасайтын сапарына дайындық барысы туралы пікір алмасты.
Келіссөздер барысында аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі кейбір мәселелер де талқыланды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.