Кездесу барысында тараптар аумақтық ынтымақтастықтың түрлі жақтары бойынша пікір алмасты, сондай-ақ Ресей және Орталық Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады.
Қауіпсіздік мәселелеріне, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударылды.
Тараптардың БҰҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында белсенді ынтымақтасып келе жатқаны ризашылықпен атап өтілді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.