Абдулазиз Камилов халықаралық ынтымақтастық бойынша Еурокомиссармен кездесті

    2021 жылдың 15 ноябрінде Брюссельде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов бастаған делегация Еуропалық Одақтың халықаралық ынтымақтастық бойынша комиссары Ютта Урпилайненмен кездесті.

    Келіссөздер барысында Еуропа тарапына Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалар, республикамыздың заманауи сыртқы саясатының үстем бағыттары мен қол жеткізген жетістіктері туралы мәлімет берілді.

    Тараптар Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен болашағы, сондай-ақ, Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша стратегиясы аясындағы байланыстарды талқылады.

    Бұған дейін қабылданған біріккен бастамалар мен бағдарламаларды іске асыру барысы, сондай-ақ түрлі деңгейдегі және формадағы алдағы кездесулердің кестесі қаралды.

    Делегациялар Ауғанстандағы жағдай және халықаралық қауымдастықтың іс-әрекеттері аясында осы елге гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндіктері туралы пікір алмасты, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates