Абдулазиз Камилов Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесті
Халықаралық ынтымақтастық
15 Шіл 2021, 14:40
1 201
2021 жылдың 15 июль Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Ташкент қаласына ресми сапары және “Орталық және Оңтүстік Азия: аумақтық байланыстылық. Қатерлер мен мүмкіндіктер” тақырыбындағы жоғары дәрежелі халықаралық конференцияға қатысу үшін келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті.
Сыртқы саясат мекемелерінің басшылары Өзбекстан — Қытай жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен оны одан әрі тереңдету болашағын талқылады.
Кездесу соңында Өзбекстан және Қытай Сыртқы істер министрліктері арасында 2021-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.