Делегация құрамында компанияның II-вице-президенті Антони Бринхюзен, инвестиция бойынша директор Ражит Нанда, бизнесті дамыту жөніндегі аға менеджер Тарик Таибах және «ACWA POWER SIRDARYA» компаниясының директоры Алимардон Абдукаримовтар да қатысты.

Сапардың мақсаты – Ширин энергетика колледжінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, колледжде енгізілген білім сапасымен танысу.

Сапар барысында делегация мүшелері, Қалалық сектор басшыларының, колледждің бір топ педагогикалық ұжымының қатысуымен конференция ұйымдастырылды. Ширин қаласының әкімі Сарвар Султанов Ширин энергетикалық колледжінің бас директоры мен жауапты қызметкерлеріне «ACWA POWER»  демеушілігімен жүргізілген қайта құру жұмыстары, студенттердің колледжде білім алуына жасалған заманалық жағдай үшін алғыс білдірді.

Шара барысында Шірін энергетика колледжінде енгізілген білім жүйесінің жағдайы мен оқыту әдістемесі туралы “NOMAC” компаниясының Өзбекстандағы жобасының менеджері Хоссем Ахмад колледж директоры мен оқытушылары тарапынан конференция қатысушыларына  жан-жақты түсіндірілді.

Конференция соңында Сауд Арабиясының «ACWA POWER»  компаниясының төрағасы Мухаммад Абу Найян колледжде енгізілген білім беру жүйесіне жоғары баға берді. Әбу Найян  оқу жылындағы өз білімімен және белсенділігімен, жан-жақты бастамашылдығымен басқа оқушыларға үлгі болған оқушыға, сондай-ақ жанкүйер оқытушылардың әрбіріне  Сауд Арабиясының “Умра” сапарына компанияның демеушілігімен екі адамға тегін жолдама беретінін айтты.

Шарадан соң делегация Ширин қаласы мен Байауыт аудандарына іргелес аумақта салынып жатқан жаңа «бу-газ» ЖЭО құрылысымен танысты, деп хабарлайды Ширин қаласы әкімдігінің ақпарат қызметі.