Бұл туралы ТЖМ Сейсмикалық болжамды бақылау республикалық орталығы хабарлады.

Хабарда айтылғандай, магнитудасы - 6,8, тереңдігі - 30 шақырым. Жер сілкінісінің ошағы Ташкенттен оңтүстік-батысқа қарай 557 шақырым жерде.

Өзбекстандағы жерасты дүмпуінің қарқындылығы:

Ташкент: 2-3 балл, 557 км;

Сұрхандария облысында 5 балл, 90 км;

Қашқадария облысында 3-4 балл, 302 км;

Самарқант облысында 3 балл, 358 км;

Жызақ облысында 3 балл, 410 км;

Науаи облысында 3 балл, 444 км;

Бұхара облысында 3 балл, 451 км;

Сырдария ауданында 3 балл, 464 км;

Ферғана облысында 2-3 балл, 579 км.