Мемлекет басшысы ең алдымен соңғы күндері байқалған энергиямен қамту мәселесіне тоқталды. Соңғы алты жылда 5 мың мегаваттан астам жаңа электр энергиясы жасалды. Салыстыру үшін: алдыңғы 25 жылда 3,5 мың мегаватт қуат іске қосылған.

Сондай-ақ 45 мың шақырым электр желісі мен 13 мыңнан астам трансформатор жаңартылды. Бұл да өткен жылдармен салыстырғанда 3-4 есе көп. Сұйытылған газ бен көмір өндіру көлемі 1,5 есеге артты.

Алайда, күн суытқан аптада энергетика саласының басшылары, әкімдер мен сала басшылары төменгі жүйеде жұмысты ұйымдастырмағаны белгілі болды. Осындай қиын жағдайда да электр және көгілдір отын желілерінде ұрлықты жағдай орын алып жатқаны қатаң сынға алынды.

Жиында мұндай қателіктерге жол берген лауазымды тұлғаларға тәртіптік шара қолданылды.

– Энергиямен қамтамасыз етудегі бүгінгі жағдай сала және облыс басшыларына үлкен сабақ болуы тиіс. Өнеркәсіптік кәсіпорындар жүйелі жұмыс істеуі керек. Кез келген ауданда халық наразы болмауы керек, – деді Шавкат Мирзияев.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының басшылығында энергетикалық жүйе басшылары екі ай бойы төтенше жағдай режимінде жұмыс істейтін болады деп шешілді. Облыс әкімдеріне жылумен қамту кәсіпорындарын аралап, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, энергия тұтыну мен ысырапты азайту тапсырылды.

Жиында халықты табысты жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.

Атап өтілгендей, жыл басынан бері кәсіпкерлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салаларында 2 миллион адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ 4 миллионнан астам адам маусымдық жұмыс арқылы табыс тапты.

Өңірлерде кәсіпорындар 85 мыңға өсіп, олардың саны 550 мыңға жетті. Осының арқасында 2022 жылы табыс салығын төлейтін ресми жұмыспен қамтылғандар саны 400 мыңға артып, 5 миллион 100 мыңға жеткен.

Өндіріс саласында 3500 өнеркәсіптік жоба аяқталып, 160 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Аудандардағы 35 мың шағын жоба аясында 175 мың адам, құрылыс саласында 135 мың адам табыс көзіне қол жеткізді.

Осы жылы 79 қызмет түрі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасау нәтижесінде 914 мың азамат тіркелді. Олардың саны 2 миллионға жетті.

Жиында саладағы кемшіліктер де сараланды. Атап айтқанда, биыл «Китаб», «Косон», «Мирзаабад», «Нарпай», «Нишан», «Фуркат» аудандарында тұрақты жұмыс орындарының саны азайған. Жеке секторда жұмыс істейтін 232 мың кәсіпорындағы жұмысшылар саны небәрі 1 адамды құрайды. 15 ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі төмендеген. Халыққа бөлуге белгіленген 100 мың гектар жердің 4 мың гектарына егін егілмеген.

Осылардың негізінде әкімдерге бірқатар тапсырмалар берілді.

Мемлекет басшысы алдағы жылға арналған міндеттерді талқылау барысында негізгі төрт бағытты атап көрсетті.

Бірінші бағыт – 100 мың гектар мақта мен астық егістіктерін халыққа тарату. Бұл арқылы 600 мың тұрғынды тұрақты жұмыспен, 900 мың адамды маусымдық табыспен қамтуға болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша 600-ден астам жоба жүзеге асырылады. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған 400 миллион доллар да көбірек жұмыс орындарын ашатын жобаларға бағытталады.

Піллә өсірушілердің қызығушылығын арттыру мақсатында бұл сала да ырықтандыру қолға алынбақ. Қазір халықтан піллә әлемдік биржадан төмен емес бағамен сатып алынады. Ол кем дегенде 500 мың адамды жұмыспен қамтып, табысын 2-3 есеге арттырады.

Екінші бағыт – кәсіпкерлікті дамыту. Ол үшін жұмыссыздық деңгейі жоғары мыңдаған аудандарға шағын орталықтар құрылады. Өңірлердегі 255 орталық және 274 ауданаралық көшелер сауда және қызмет көрсету көшелеріне айналады. Автокөлік жолдарының бойындағы 3 мыңнан астам жер учаскесінің аукционға қойылуы да қызмет көрсету саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға тамаша мүмкіндік болмақ.

Сондықтан бос жер телімдері мен нысандарды саудаға шығару жөнінде тапсырма берілді.

Үшінші бағыт өндіріс саласындағы мүмкіндіктер көрсетілді. Атап айтқанда, 8 миллиард долларды құрайтын 300 ірі жоба мен индустриялық аймақтарда 16 триллион сумдық 1300 жоба нәтижесінде табысы жоғары жұмыс орындарын ашады. Құрылыс материалдары саласында 536 кеніш аукционға шығарылып, жаңа кәсіпорындар іске қосылады.

Жалпы, инвестициялық жобалар мен жергілікті өнеркәсіп барлығы 320 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Төртінші бағыт – құрылыс индустриясы. Келесі жылы барлық жобалар аясында 90 мың тұрғын үй салу жоспарлануда. Мемлекет басшысы құрылыс саласына жұмысқа орналасу үшін еңбек шарттарын жеңілдету керектігін айтты. Бұл бейресми сектордағы жұмысшылардың заңды қызметке көшуіне жол ашады.

Жиын соңында Премьер-Министрдің орынбасарлары, министрлер мен әкімдер аталған тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру бойынша ақпарат берді.