Тұрғындар газ желілеріне ұланбаған жылыжайларға газ жеткізіп беріледі

    Агросектор 18 Oktabr 2023 2167

    Ауыл шаруашылығы және Энергетика министрлігімен бірлесіп, күзгі-қысқы маусымда тұрғындар газ желілеріне ұланбаған жылыжай шаруашылықтарына табиіи газ жеткізу бойынша келісімшарт жасау жұмыстарын бастады.

    Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде бірқатар жауапты ұйымдардың қатысуымен өткен жиында жылыжай шаруашылығының қызметін жақсарту және тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

    Бейнеконференциябайланыс түрінде өткен шараның негізгі бағыты күз-қыс маусымында кәсіпкерлік субъекті өкілдерінің қызметін қолдап-қуаттау және үйлестіру мәселелеріне қаратылды.

    Жиналысқа Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қаласы ауыл шаруашылығы басқармалары, “Ҳудудгазтаъминот” АҚ-ның жауаптылары және жылыжай кәсіпкерлерінің өкілдері қатысты.

    Атап өтілгеніндей, газды кәсіпкерлік субъекті өкілдеріне газ жеткізудің құны 1 текше метр үшін 1.500 сумды құрайды. Кәсіпкердің цифрлық есептегіші, қордағы жанар-жағармайы, алдын ала төлемді жүзеге асыруы, оның жылыжайында көгілдір оттың жануына жол ашады.

    Бұл іс-шараларды үйлестіру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Ауыл шаруашылығында қызмет көрсету агенттігінің жанынан тұрақты жұмыс істейтін Call- орталығы құрылды. 1342 нөмірі іске қосылды.

    Сонымен қатар, агенттік жылыжай шаруашылығы өкілдеріне консультациялық қызмет көрсетіп, тұқымдар мен көшеттерді жеткізіп беру бойынша жұмыстарын үйлестіреді деп белгіледі.