Президент жылыжайлардың газдан өшірілу жағдайын шұғыл тексеруді тапсырды

    Агросектор 28 Oktabr 2022 2061

    Жылыжайларды газбен қамтамасыз етуді өшіру жағдайы бойынша кәсіпкерлердің наразылығынан хабардар болған Шавкат Мирзияев шұғыл түрде аталмыш мәселені қарасытру үшін Әкімшілік басшысы Сардор Умурзақовқа тиісті тапсырмалар берді. Әкімшілік басшысының төрағалығымен өткен жиында жылыжайларға көгілдір отын беруді ескертусіз өшіру фактілеріне қатысты көптеген наразылықтар айтылды, атап айтқанда, 25 октябрь күні еліміздің түрлі аумақтарынан жылыжайы газдан ажыратылған кәсіпкерлер наразылық білдіріп, Ташкентте жиналғанына қатысты тиісті жауаптылар сынға алынды.

    Атап айтқанда, Министрлер Кабинетінің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты басшылары бұл мәселемен мүлде айналыспағандықтан, кәсіпкерлердің өзекті мәселесі шешімін таппағаны үшін Президент Әкімшілігіне келіп отыр, деді С.Умурзақов.

    Газдан үзілген жылыжайлар 1 күн ішінде қайта газбен қамтылады

    Жиналыс барысында жылыжай шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер де тыңдалды. Олар өздерін мазалап жүрген мәселелерге, жұмыстағы қиыншылықтарға қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

    Өздеріңіз білетіндей, маусымда жылыжайдың әр күні өте маңызды. Бұл тек сол кәсіпкер үшін ғана емес, Өзбекстанның азық-түлікпен қамтамасыз етілуі мен қауіпсіздігі үшін де өте маңызды.

    «Худудгазтаъминот» АҚ 700 гектар жердегі 268 жылыжайды көгілдір отыннан тоқтатқаны белгілі. Соның салдарынан 70 мың тонна өнім, 30 миллион доллардың экспорты жоғалады, ең бастысы, газдан үзілген жылыжайда жұмыс істейтін 10 мыңға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

    Осыны ескере отырып, Энергетика министрлігіне газбен қамтамасыз ету тоқтатылған барлық жылыжайларды 1 күн ішінде газбен қайта қамтамасыз ету тапсырмасы берілді.

    Сондай-ақ, Есеп палатасына тиісті құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, аталған жағдайға байланысты «Худудгазтаминот» АҚ аумақтық басқармалары басшыларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріп, егер олардың іс-әрекеттерінде қылмыстық салдары анықталса, заңды түрде жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру тапсырылды.

    Жылыжайларды көмірге көшіру мәселесі талқыланды

    Өз кезегінде, жиында жылыжайларды баламалы энергияға (көмірге) өткізу мәселесі де талқыланды.

    Сөз сөйлеген кәсіпкерлердің барлығы жылыжайды көмірмен жылытуға көшу біраз уақыт алатынын, алдымен оны жан-жақты зерттеп, мұқият сынақтан өткізіп, коммерциялық жағын есептеп алу керектігін айтты.

    Осы мәселе бойынша жұмысшы топ құрылып, тиісті мамандармен, кәсіпкерлермен бірлесіп жағдайды жан-жақты зерделеу тапсырылды.

    Бұл ретте жұмысшы топ әрбір жылыжай кесімінде олардың қаржылық жағдайын үйреніп, кәсіпкерлерді қолдап-қуаттауға негізделген ұсыныстар дайындайды. Екінші жағынан, жылыжай кәсіпкерлерінің егінге зиын тигізбей өсіруіне қажетті жағдай жасау мақсатында 1 күннің ішінде тиісті көздерден қаржылай көмек көрсету жөнінде тапсырмалар берілді.