Ұсынылған 46 миллион 250 мың долларлық грант қаржылары энергияны субсидиялау реформасы шараларын ілгерілету үшін пайдаланылады. Олар энергия ресурстарын тұтынуды және жылыжай газдары эмиссиясын азайтуға әкеледі.
Атап айтқанда, жоба Өзбекстанға «көміртегі несиелерін» (CО2 тонна эквивалентте өлшенетін, жылыжай газдары эмиссиясы қысқартылған қысымының мөлшері) жинақтау және оларды халықаралық көміртегі базарында сатуға мүмкіндік береді. Бұл жоба Өзбекстан мен Орталық Азияда Париж келісімі аясындағы бірінші осындай халықаралық бастама болып, мемлекетке әлем көміртегі базары механизмдерінен пайдалану мүмкіндігін береді. Жоғарыда аталған халықаралық келісімнің мақсаты – әлемде жылыжай газдары эмиссиясын азайту арқылы әлемдік температураның көтерілуін шектеу.
Елдің жылыжай газдары эмиссиясы әлемдік деңгейінде аса үлкен емес. Алайда, Өзбекстан энергия интенсивті деңгейі және осыған лайықты түрде жылыжай газының салыстырмалы шығарындылары ең жоғары елдердің қатарында тұрады.
Өзбекстан үкіметі энергия үнемдеуді ынталандыру және энергетикалық кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын нығайту бойынша шаралар қабылдауда. Энергетика субсидияларын реформалау тарифтерін біртіндеп өсуіне әкеледі. Сонымен қатар, ол аз табыс табатын тұтынушыларды мекендік әлеуметтік қорғаумен, сондай-ақ реформаның қажеттілігі мен күтілетін нәтижелері туралы ақпарат беретін кең түсіндіру кампаниясымен бірге жүргізіледі.
Дүниежүзілік банк тарапынан қолдап-қуатталған жаңа жоба Өзбекстанға жылыжай газдары эмиссиясы азайту бойынша Париж келісім аясында халықаралық міндеттемелерін орындауға және халықаралық көміртегі базарына шығуға көмектеседі.
“Жоба энергетика саласында жылыжай газдары эмиссиясын азайту және Өзбекстанда таза энергия өндірісіне көшу үшін үлкен әлеуеті бар. Оның аясында тиісті институттар, инфрақұрылым, жүйелер, үдерістер, кәсіби- техникалық әлеует, сондай-ақ Париж келісімінде көзделген көміртегі базарының механизмдеріне қатысу үшін қажетті құжаттар жасалады және сынақтан өткізіледі” — деді Дүниежүзілік банктің Өзбекстандағы өкілеттігінің басшысы Марко Мантованелли.
Жобаны жүзеге асыру аясында 2028 жылға дейін әр жылы Өзбекстанға энергия субсидияларын реформалау нәтижелерін ынталандыру шаралары ретінде гранттық қаржы бөлу жоспарлануда, олар эмиссияларын бекітілген қысқарту үшін бөлінеді.
Болжамдарға сәйкес, жобаны жүзеге асыру кезінде Өзбекстан эмиссияларын шамамен 60 миллион тоннаға қысқарту мүмкін. Содан шамамен 2-2,5 миллион тоннасы жоба аясында сатып алынады. Қалған көміртегі бірліктерін Өзбекстан жоба барысында әзірленген және сынақтан өткен жүйелер мен механизмдерді пайдалана отырып, халықаралық көміртегі базарларында сата алады.
Бұл жоба Дүниежүзілік банктің өтпелі көміртегі активтері қоры (TCAF) қаржыландыратын бірінші бастама. TCAF дамушы елдерге шығарындыларды азайту және климаттың өзгеруінің әсеріне бейімделу бойынша Париж келісімі бойынша міндеттемелерін орындауға көмектеседі.
Дүниежүзілік банктің Өзбекстандағы бағдарламасы Еуропа мен Орталық Азиядағы ең ірі бағдарламалардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта оның аясында 6 миллиард долларға жуық қаржылық міндеттемелері бар 29 жоба жүзеге асырылуда.