Тұрғындар мен кәсіпкерлерге міндеттер жүктейтін құжаттар жазылудан алдын бағаланады

    Әділет министрлігі жүргізген заңнамалық құжаттардың реттеушілік әсерін бағалау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамалық іс-шаралар нәтижесінде 243 заңнамалық құжатта іс жүзінде маңызын жоғалтқан және іске асыру механиздері болмаған 350 норма мен құқықтық олқылықтар анықталды.

    Қабылданған «Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сапасы мен тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Президент Жарлығымен аталған кемшіліктер жойылып, нормалар мен заңнамалық жүйені құруда бірқатар жаңалықтар белгілеп берілді.

    Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің 183 құжаты мен нормаларының күші жойылып, заңнаманы реттеу жүгі жеңілдетілді.

    Жарлықпен тәртіпке салу әсерін бағалаудың жаңа тәртібі енгізіліп, заң жобаларын дайындауға және олардың әсерін бағалауға ғылыми және үкіметтік емес бейкоммерциялық ұйымдар кеңінен жұмылдырылып, заң жобалары бойынша міндетті түрде ғылыми-зерттеу мекемелерінің қорытындылары алынуы белгіленді.

    Үстіміздегі жылдың 1 октябрьден тұрғындар мен кәсіпкерлерге тікелей әсер ететін, оларға міндеттер жүктейтін, талап, тыйым салуларды, жауапкершілікті немесе өзге де шектеулерді белгілейтін құжаттар екі кезеңде тәртіпке салу әсерін бағалаудан өткізілуде.

    Бұл ретте құжаттың жобасы жазылмас бұрын оңайлатылған тәртіпте бағаланады және Әділет министрлігінің қорытындысы алынады.

    Оңтайландырылған бағалау нәтижелері бойынша экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерінің жоғары дәрежесі бар жобалар кеңейтілген тәртіпте екінші рет бағалаудан өтеді. Салауатты бәсекелестік ортаны қорғау мақсатында мұндай тәртіп бизнеске кез келген жеңілдік, артықшылық немесе жеңілдік беруді көздейтін жобаларға да қолданылады.

    Сонымен бірге, Жарлықпен қабылданған құжаттардың орындалуын бақылау жүйесі құрылады.

    Атап айтқанда, құжат қабылданғаннан кейін оның орындалуы жыл сайын бақыланып, мониторинг нәтижесі жұртшылыққа жарияланады.

    Бұл арқылы тұрғындар мен бизнес үшін шамадан тыс және негізсіз шығындардың, әкімшілік кедергілердің алдын алады. Іс жүзінде нәтиже бермейтін, бәсекелестік ортаға кері әсер ететін жеңілдіктер мен преференциялардан туындайтын мемлекеттік бюджет шығындарының айтарлықтай қысқаруына қол жеткізіледі.

    Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates