Тараптар Өзбекстанда білікті IT кадрларды даярлау және дарындарды дамыту, сондай-ақ IT саласында жаңа жұмыс орындарын жарату мәселелерін талқылады.

“EPAM Systems” компаниясының басшысы жақын арада Өзбекстанда жастарға сапалы білім беретін және ақпараттық технологиялар саласында білікті мамандар даярлайтын онлайн-университеттің ашылуына ниет білдірді.

АКТ министрі Ш. Шерматов, өз кезегінде, Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігі мен IT-Park осы университетті ашу  бойынша “EPAM Systems” компаниясымен ынтымақтаса отырып, жобаның сәтті жүзеге асуы үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Министр Өзбекстанда халықаралық көлемде тәжірибесі бар бағдарламашылар жетіспейтінін атап өтті. Сондықтан қазіргі жағдайды өзгертіп, олардың санын көбейту үшін шет мемлекеттерден мамандарды тарту көзделіп отыр. Олар өз кезегінде 3-5 жыл бойы жергілікті өндірушілерді қажетті дағдылармен қамтамасыз етуі және тәжірибе алмасуы көзделген. Сондай-ақ министр  шетелдік мамандардың Өзбекстанда жұмыс істеуіне жеңілдіктер жарату үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыратынын айтты.

Атап айтқанда, Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігі шетелдік IT мамандарын көшіру үдерісі үшін төмендегі мүмкіндіктерді қарастырады:

- Өзбекстан Республикасы аумағында болу кезінде уақытша тіркеуге және IT-виза беруге көмек көрсету;

Өзбекстан Республикасының аумағында жалға берілетін тұрғын үйді табуға және беруге жәрдемдесу;

- отбасы мүшелерін (жақын туыстарын) оқу орындарына (балабақша, мектеп және т.б.) орналастыру;

- желілермен және байланыс құралдарымен қамтамасыз ету (ұялы, интернет және т.б.);

-Өзбекстан Республикасы аумағында туристік саяхаттарды ұйымдастыру.

Сондай-ақ Аркадий Добкин алдағы бірнеше жылда Өзбекстанда EPAM жүйесін кең ауқымда дамытуға ниетті екенін атап өтті. Оның айтуынша, кейбір елдерде компанияның толық дамуы үшін 10 жыл қажет болса,  ал Өзбекстанда бұл 3-5 жылда болуы мүмкін.

Сонымен қатар, тараптар Өзбекстанда  әр жылы өткізілетін «EPAM Global»  конференциясын ұйымдастыру, оның аясында  EPAM Systems компаниясының жетекші мамандары үшін   Өзбекстанда жұмыс істеу үшін жағдай мен мүмкіндіктермен танысу мақсатында IT-тур өткізуге тоқталды, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.