Ағымдағы жылдың 22 февралінде Президент Шавкат Мирзияевтың басшылығымен өткен бейнеселектор жиналысы да осы цифрландыруды жеделдету мәселесіне арналөан еді. Онда цифрландыру бағытында орын алған кемшіліктер саналып, алдағы міндеттер белгілеп берілді.
Цифрландыру саласындаМемлекет басшысы тарапынан жүргізіп жатқан күшті әлеуметтік-экономикалық саясатты қолдап-қуаттау және аталмыш бағытта қабылданған тиісті нормативтік-қһқықтық құжаттардың орындалуын дер кезінде әрі сапалы орындауында жылдам парламенттік бақылау орнату мақсатында 2023 жыл 3 мартта Олий Мажлистің Заң шығару палатасының Инновациялық даму, ақпараттық саясат және ақпараттық технологиялары мәселелері комитеті тарапынан тыңдау өткізілді.
Шарада Цифрлық технологиялар министрлігінің мемлекеттік органдары тарапынан тұрғындарға көрсетілген мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру саласында жүзеге асырылған істері, халықты жоғары сапалы оптикалық талшық интернетпен қамтамасыз ету сондай-ақ цифрлық инфрақұрылымды дамыту саласындағы атқарылған жұмысы талқыланды.
Атап өткендей, 2022 жылы Цифрлық технологиялар министрлігі тарапынан Бірыңғай порталына 370 мемлекеттік қызметті енгізсе, 2023 жылы тағы 200 электронды қызмет енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар, «Электрондық үкіметтің» негізгі қағидаттарының бірі – электронды қызметтерді «бір терезе» қағидаты негізінде, яғни электронды ынтымақтастық негізінде қызмет көрсету белгіленген болып, осы бағытта азаматтардан 70-тен астам құжат пен мәліметтерді талап ету жойылды. 38 түрдегі қызмет түрін пайдалану кезінде электрондық цифрлық қолтаңбамен растау талабы жойылды.
Сонымен қатар, халықты жоғары сапалы талшықты оптикалық интернетпен қамтамасыз ету аясында Халықаралық Интернет желісіне ұланудың жалпы өткізу қабілеттілігі 2,6 есеге ұлғайып, 3200 Гбит/с-ке дейін жеткізілді. Республика бойынша магистральдық телекоммуникация желілерінің өткізгіштік қабілеті облысаралық деңгейде 600 Гбит/с-ға, ауданаралық деңгейде 60 Гбит/с-ға дейін жеткізілді. Нәтижесінде республикада интернет жылдамдығын арттыруға және оператор мен провайдерлерге Интернет қызеттері үшін тарфтың 2021 жылдың басымен салыстырғанда 25%-ға арзандатуға мүмкіндік туған.
Шарада цифрландыру бағытында қол жеткізілген оң нәтижелермен бір қатар кейбір өзекті мәселелер мен кемшіліктерге де тоқталды.
тап айтқанда, қазір министрліктердің 5 мың функциясының 30 пайызы ғана цифрландырылған. Тұрғындар жиі жүгінетін ішкі істер кеңселерінде – 34, Әділет басқармасында – 32, «Узстандартта» – 29, денсаулық сақтау саласында – 11 қызмет түрі цифрландырылмаған. Жұмысқа немесе оқуға, түсу, жүргізуші куәлігін алу үшін қажетті «086» үлгісіндегі медициналық анықтама алу үшін адамдар емханаларға баруға мәжбүр.
Тағы бір жағдай. Жерді жекешелендіруге үшін өтініш онлайн түрде беріледі. Бірақ коммуналдық саладағы ақпарат цифрланбағандықтан, келесі қадамдар әлі де «қолмен» орындалуда. Немесе жылына 300 мыңнан астам азаматымыз жаңа көлік сатып алады. Бірақ тіркеуден өту мен мемлекеттік нөмір алу үшін жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметіне баруға мәжбүр.
Сонымен қатар, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет порталдары және (немесе) түрлі қосымшалар олардың интерфейсінен бастап жеке операциялар жүйелеріне дейін өте күрделі әзірленген. Бұл өз кезегінде, халыққа жасалған мүмкіндіктерді тиімсіз пайдалануға әкеледі. Сондай-ақ, депутаттар электронды қызмет көрсетуде қолайлылық жасауда жеке сектордың салыстырмалы түрде алда екенін атап өтті, деп хабарлайды Цифрлық технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.