Америка Құрама Штаттарының елшісі Ташкент қаласының әкімдігінде болды

    Күні кеше Ташкент әкімдігінде әкімнің міндетін атқарушы Шавкат Умирзаков АҚШ-тың Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жонатан Хеникпен кездесті.

    Диалог барысында Өзбекстанда, әсіресе Ташкентте жергілікті және шетелдік компаниялар үшін қолайлы іскерлік ортаның жасалғаны атап өтілді.

    Жонатан Хеник Ташкенттің уақытша резиденті ретінде қала көрінісіндегі оң өзгерістерді көріп отырғанына қуанышты екенін атап өтті. Ол АҚШ іскер топтардың Ташкент қаласындағы жол-транспорт инфрақұрылымын жақсарту, зергерлік бұйымдарды өндіру және экспорттау, технологиялық шешімдерді әзірлеу және қала құрылысы саласында жүзеге асырылып жатқан болашағы зор инвестициялық жобаларға қатысуға мүдделі екендіктері туралы айтты. Сонымен қатар, грант бағдарламалары бойынша ынтымақтастық аясында әлеуметтік маңызы бар біріккен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

    Ш. Умирзаков қонақтың бастамаларын қолдап-қуаттап, алғыс айтты, бүгінде Ташкент қаласында жол-транспорты инфрақұрылымын дамыту мен оңтайландыруға, микромобильдік жағдайларды жақсартуға, ыңғайлы автотұрақтарды құруға, жасыл көлік желісінің қозғалысын енгізуге бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылып жатқаны туралы мәлімет берді.

    Сонымен қатар, АҚШ іскерлері қатыса алатын бірқатар ірі жобаларға, инвесторлар үшін елімізде жасалып жатқан жағдайлар мен кепілдіктерге тоқталды, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates