Басылымның мәліметінше, ұзындығы 3–4 метр болатын акуланың бейнесі Оңтүстік Шатланд аралдары маңында шамамен 490 метр тереңдікте, су температурасы небәрі +1,27 °C болған сәтте түсірілген.
«Біз ол жерде акулаларды көреміз деп ойламағанбыз, күтпеген жерден көрдік, өйткені жалпы қағида бойынша Антарктидада акулалар болмайды. Ал бұл тіпті кішкентай акула да емес. Бұл – нағыз олжа. Олар шын мәнінде танк секілді», – деп келтіреді басылым зерттеуші Алан Джеймисонның сөзін.
Ғалымдардың айтуынша, жыртқыштың пайда болуы климаттың өзгеруімен және мұхиттардың жылынуымен байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдай акулаларды Оңтүстік жарты шардың суы салқындау аймақтарына көшуге мәжбүр етуі ықтимал, деп хабарлады ria.ru.