Бұл туралы Reuters агенттігі 29 қаңтар, бейсенбі күні хабарлады.

Дания Сыртқы істер министрлігі диалогтың мақсаты «Корольдіктің қызыл сызығын сақтай отырып, Арктика қауіпсіздігі туралы Америка алаңдаушылығын қалай шешуге болатынын талқылау» екенін айтты.

Келіссөздер НАТО-ның негізін қалаған мүшелері болған Дания мен Америка Құрама Штаттары арасындағы бірнеше айлық шиеленістерден кейін басталды. Бір күн бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ Гренландия бойынша кеңесулер жүргізіп жатқанын және бұл мәселе бойынша Гренландия және Дания ресмилерімен техникалық деңгейде кездесулер өткізетінін жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қаңтарда Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Гренландияны бақылауға алу ниетін тағы бір рет атап өтіп, әскери күш қолданбауға уәде берген болатын.