АҚШ-тың инвестициялық компаниялары еліміздің бағалы қағаздар базарына қызығушылық танытты

    Орталық банкте АҚШ-тың Трансұлттық зерттеу корпорациясы мен инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесу өтті.

    Кездесуде Өзбекстандағы макроэкономикалық жағдай мен болжамдар, ақша-несие саясатын жүргізу және инфляцияны төмендету бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар, сыртқы сектор көрсеткіштері, сондай-ақ банк-қаржы жүйесіндегі соңғы өзгерістер талқыланды.

    Инвестициялық компаниялардың өкілдері мемлекеттік бағалы қағаздар базарына қызығушылық танытып, оларға ішкі базардан мемлекеттік облигацияларды сатып алудың ағымдағы механизмі және инфрақұрылымды жетілдіру бойынша алдағы жоспарлар туралы толық ақпарат берілді.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты диалог ұйымдастыруға дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды Орталық банктің баспасөз қызметі.

    Мәлімет ретінде:

    АҚШ Трансұлттық зерттеу корпорациясы 1982 жылы негізі қаланған болып, әлем базарының кең шеңберлерінде макроэкономикалық және саяси зерттеулер жүргізетін портфельді менежерлерді ұсынуға маманданған консалтингтік компания саналады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates