Бұл туралы Cubadebate хабарлады.

25 ақпан күні таңертең Кубаның аумақтық суларында қайық пайда болғаны туралы ақпарат түскен.

«Ережені бұзған катердегілер Куба әскери қызметкерлеріне қарай оқ атты, салдарынан Куба катерінің командирі жараланды», — делінген хабарда.

Атыс кезінде төрт адам өлтіріліп, алты адам жараланды. Жараланғандар эвакуацияланып, медициналық көмек алды.

Ережені бұзған кеме Куба Ішкі істер министрлігінің шекара әскерлерінің бес адамнан тұратын бөлімшесі тарапынан ұсталды.

АҚШ туы астындағы катер экипажының мақсаты әзірге белгісіз. Тергеу жүргізілуде, деп хабарлады RT.