АҚШ Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болуын қызу қолдайтынын білдірді

    Вашингтон қаласында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева АҚШ Сауда өкілінің (USTR) орынбасары Кристофер Уилсонмен кездесті.

    Сұхбат басында АҚШ тарапына мәжбүрлі еңбекпен күрес, азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру саласындағы ауқымды реформалардың нәтижелері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

    Өз кезегінде, USTR өкілі Өзбекстанның мәжбүрлі еңбекті тоқтатудағы елеулі жетістіктерін жоғары бағалап, “Cotton Campaign” коалициясының мақта бойкотының жойылуы мәжбүрлі еңбекті жоюдың табыстылығын айқын мойындау екенін атап өтті.

    К. Уильсонның айтуынша, АҚШ Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болу талпыныстарына қолдау көрсетуге ниетті. Осы орайда ол Америка тарапы Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмысшы тобының 5- жиналысына қатысуға дайын екенін айтты. Бұл үдерістің күрделілігін мойындай отырып, К.Уильсон бұл мәселеде Американ тарапының тұрақты қолдап-қуаттауын атап өтті.

    Сонымен қатар, сауда өкілінің орынбасары USTR Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Сауда және инвестициялар жөніндегі Негіздемелік келісім (TIFA) аясындағы ортақ басымдықтарды қолдауда Өзбекстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Осыған байланысты USTR өкілі Өзбекстан тарапымен аймақ елдерінің жеткізілімдердің жаһандық тізбегіне интеграциясын тереңдету үшін берік негіз болатын электрондық коммерцияны дамытуда тығыз ынтымақтастыққа үміт білдірді.

    К.Уильсон, сондай-ақ бұл шара әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі TIFA-ның жұмысшы тобының қолдауына ие болатынына үміт артатынын айтты.

    Келіссөздер соңында тараптар көпқырлы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және кеңейтуге мүдделілік танытты.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates