Карим Ифрак 2024 жылы өткізілген «Ұлы бабалар мұрасы – ІІІ Ренессанс негізі» атты VIII халықаралық конгреске және Халықаралық мәдени мұра апталығына қатысып, Тимуридтер дәуірінде көшірілген қасиетті Құран Кәрімнің сирек кездесетін түрлі-түсті қолжазбасы туралы қызықты мәліметтер берген еді.

Қазіргі таңда бұл қолжазба Ислам өркениеті орталығының жобаларына енгізілген.

Кездесу барысында Карим Ифрак  АҚШ-тағы ірі кітапханалардың бірінде осы қолжазбаның тағы бір нұсқасы табылғанын хабарлады.

Сондай-ақ « Құран Кәрімнің Темурилер дәуіріндегі қолжазбалары» тақырыбында Орталықпен ынтымақтастық жасауға дайын екенін жеткізді.

Карим Ифрак алдағы халықаралық конференцияларға өзінің тың жаңалықтарымен қатысатынын атап өтті. Сондай-ақ оның «Ислам пайғамбары: Батыстың ұлы ғ.ламаларының көзқарасындағы бес ғасыр» атты жаңа кітабының баспаға дайындалып жатқаны белгілі болды.