АҚШ-ның ірі компаниясы Нұрафшанда «Ақылды қала» жобасын жүзеге асырмақ

    Облыс әкімі Зойир Мирзаев АҚШ-тың S+N Associates, Ins. компаниясының директоры Рональд Джеймс Хаббард басшылығындағы делегацияны қабылдады.

    40 жылдан астам уақыт бойы әлемнің беделді елдерінде жаңа әуежайлар, қонақүйлер, университет, сауда және қызмет көрсету нысандары, сондай-ақ, жаңа қалалар құрумен айналысып келе жатқан бұл ірі компания Нұрафшанда 1600 гектар жерге «Ақылды қала» технологиясы негізінде қала құру бойынша жобалары таныстырылды.

    Құны 10-15 миллиард долларды құрайтын бұл жобаға қосымша 15-тен астам ірі инвестор тарту, бастапқыда жергілікті өнімнен арзан әрі сапалы құрылыс материалдарын шығаратын зауыт құру туралы ұсыныстары талқыланды.

    «Ақылды қала» аясында мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, медициналық және білім беру мекемелерінің болуымен қатар, өнеркәсіп аймақтары мен технопарктерді орналастыру арқылы аумақтарда тағы да көп жұмыс орындарын ашу мүмкіндіктері қарастырылды.

    Сондай-ақ Ташкентпен байланыстыратын жүрдек пойыз қатынауын іске қосу да жоспарланды.

    Кездесу соңында барлық талқыланған мәселелер бойынша екі аумақ арасында Меморандумға қол қоюға келісіп алды, деп хабарлайды Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates