Бұл туралы Ташкент әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарда айтылуынша, соңғы күндері әлеуметтік желілерде осы жәрмеңкелердегі кейбір сөрелерде көрсетілген бағадан басқа бағаларда сатылып жатқаны туралы хабарлар пайда болды. Бұл халықтың наразылығын тудырып отыр.
Сондықтан арзандатылған өнімдер жәрмеңкелерінде ашықтықты қамтамасыз ету, бағаны бақылау және жасанды түрде бағаны өсірмеуге жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, бұл сөрелерде бақылау камералары орнатыла бастады.
Қазіргі таңда Мирабад диқан базары мен «Ескі Жува» базарында (Чорсу) бақылау камераларын орнату жұмыстары аяқталды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, жақын арада елорданың барлық ірі базарларындағы арзандатылған өнімдер жәрмеңкелеріне бақылау камералары орнатылады.








