Бал өнімдері балабақша бүлдіршіндері мен ауруханадағы науқастардың күнделікті рационына енгізіледі

    Бұл туралы «Омарта саласын қолдап-қуаттау және ауыл шаруашылығы дақылдарын балмен тозаңдандыруға қатысты қосымша іс-шаралар туралы» Үкіметтің қаулысында белгіленді.

    Қаулыда белгілегендей, 2023 жылдың 1 сентябрінен бастап мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен емханадағы емделушілердің күнделікті рационына бал өнімдерін енгізу мәселесі қаралады.

    Сонымен қатар, 2023 жылы 200 мың гектар алқапта мақта өнімділігін арттыру мақсатында қозаны баларамен тозаңдандыру агротехникасы қолданылуы;

    Қашқадария,Науаи, Самарқант Сұрхандария және Ташкент облыстарында Наманган және Ферғана облыстарының тәжірибесі негізінде Омарташылық өнеркәсіп орталықтары құрылуы;

    2024 жылдан бастап интенсивті жеміс ағаш бауларын баларамен тозаңдандыру агротехникасын қолдану белгіленді.

    Жыл сайын 1-10 декабрь күндері Ташкент қаласында «Балл мерекесі» және «Омарташылық өнімдері» халықаралық көрмесі өткізіледі.

    Омарташылық субъектілерінің «Апимондия» халықаралық омарташылық бірлестігі федерациясы тарапынан ұйымдастырылатын көрмелер мен конференцияларға тұрақты қатысуды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданатын болады.

    «Фермерлер мектебінде» мақта алқаптары мен интенсивті жеміс бақтарында баларамен тозаңдандыру агротехникасын қолдану бойынша оқу курстары ұйымдастырылады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates