Бұл Үкімет қаулысымен бекітілген « І және ІІ санаттағы өнеркәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін азайту жөніндегі іс-шараларды ынталандыру тәртібі туралы» ережеде белгіленген. Қоршаған ортаға теріс әсерін азайту шараларын қабылдаған өнеркәсіпорындар ынталандырылады.

Бұл Үкімет қаулысымен бекітілген «Қоршаған ортаға әсер етуі бойынша I және II санаттарға жататын өнеркәсіпорындарының табиғи ортаға тигізетін зиянын азайту жөніндегі іс-шараларын ынталандыру тәртібі туралы» ережеде белгіленді.

Қаулыға сәйкес, өнеркәсіпорындарының табиғи ортаға тигізетін зиянын азайту әрекеттері төмендегі тәртіп бойынша ынталандырылады:

1-кезеңде — атмосфералық ауаның ластануын фондық мониторингтеу станциясын (мониторинг станциясы) орнатқан өнеркәсіпорнына:

табиғатқа келтірілген зиян бойынша компенсациялық төлемдерден қалыптасқан қарыздар кешіріледі;

табиғатқа келтірілген зиян үшін республикалық бюджетке бағытталатын компенсациялық төлемдердің 50 пайызы 2 жыл бойы қайтарылады;

2-кезеңде — мониторинг станциясын орнатқан өнеркәсіпорны келесі 1 жыл ішінде шаң-газ және жергілікті кәрізсу су тазарту құрылғыларын орнатқан жағдайда, табиғатқа келтірілген зиян үшін республикалық бюджетке бағытталатын компенсациялық төлемдердің 70 пайызы 2 жыл бойы қайтарылады.

Өнеркәсіпорны мониторинг станциясын, шаң-газ және (немесе) жергілікті кәріз су тазарту құрылғысын орнатқаны туралы Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары немесе Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы (my.gov.uz) арқылы Экология комитетіне хабарлама жібереді.

Хабарлама және оған қоса берілген құжаттар Экология комитеті тарапынан хабарлама келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.

Зерделеу нәтижесі бойынша өнеркәсіпорнын ынталандыру туралы Экология комитетінің қорытындысы ресімделеді.