Қаулыға сәйкес, “Ўзсувтаъминот” АҚ және оның құрамындағы кәсіпорындар негізінде 2024 жылдың 1 апреліне дейін арнайы бағыттар бойынша төмендегі акционерлік қоғамдары құрылады:
- аумақтық магистарлды сумен қамтамасыз ету ұйымдары;
- Қарақалпақстан Республикасы, облыстар және Ташкент қаласы аумақтық ауыз сумен қамтамасыз ету ұйымдары.
2024 жылы 1 январьдан бастап:
- ауыз су және кәріз суларды шығару бағасы өнімнің өзіндік құнына енгізілген шығындар, жүйені дамыту, қаржылық шығындар, салықтар мен міндетті төлемдерге қарап қалыптастырылады;
- жаңадан құрылатын ауыз су және кәріз су бағытындағы нысандар мен жүйелерді жобалауда аталмыш аумақты толық қамту деңгейін ескепке алу талабы белгіленген.
- Қаулығы орай, 2024–2026 жылдары:
- ауыз сумен қамтамасыз ету қиын болған жалпы 813 махалла ауыз сумен қамтамасыз етіледі;
- 124 693 тұрғын үйге ауыз су тармақтары үй шаруашылығына жеткізіледі;
- 130 тұрғандар жасайтын пункттерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар беру арқылы ауыз сумен қамтамасыз ету жолға қойылады;
– 792 090 тұтынушы ауыз су есептегішімен қамтамасыз етіледі.
2024 жылдың 1 июлінен бастап тәжірибе ретінде Когон, Ширин, Жаңажер, Бекабад және Жаңажол қалаларында ауыз сумен, кәрізмен қамтамасыз ету мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жеке секторға беріледі.