Әйелдерді ақпараттық технологиялар саласына тартуға бағытталған жаңа жоба іске түсірілді

    2022 жылдың 19 июлі күні Ташкентте әйелдерді ақпараттық технологиялар саласына тартуға бағытталған IT саласындағы «GAP» әйелдер клубы жобасын іске түсіру рәсімі өтті.

    Соңғы жылдары үкіметіміз әйелдердің қоғамдағы рөлі мен беделін арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Мұны Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мысалынан да көруге болады.

    Жоғарыда аталған реформалар аясында Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің бастамасымен және ІТ-паркпен ынтымақтастықта жаңа жоба – «GAP» деп аталған ІТ саласындағы әйелдер клубы құрылды.

    Шарада АКТ министр кеңесшісі Камола Собирова, АКТ халықаралық байланыстар басқармасының бастығы Умида Мусаева, IT Park өкілдері, компания басшылары, жоба менеджерлері, IT салада нәтижелерге қол жеткізген әйелдер қатысты.

    Бұдан тыс , “Finextra”IT компаниясының директоры Наргис Дусматова, “Khan Academy Uzbek” жобасының тең құрылтайшысы Нигора Арифжанова және Websale Distribution IT компаниясының арт-менеджері Дилором Худоярова өз жобалары туралы айтып, IT саласындағы қол жеткізілген тәжірибелерімен бөлісті және қатысушыларды қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

    Жобаның басты мақсаты – әйелдерді ІТ- саласына тарту және олардың осы салаға деген қызығушылығын арттыру.

    Айта кету керек, әйелдерді АКТ саласында оқыту және дамыту болашақта оларға жоғары жалақы табу мүмкіндігін береді. Бұл әсіресе өздеріне ыңғайлы кесте бойынша жұмыс істегісі келетін әйелдер мен фрилансерлер үшін актуалды. Сонымен қатар, бұл әрбір әйелдің өз табысқа иелігі мен қаржылық жағынан тәуелсіз болуға мүмкіндік жаратады.

    Шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін қатысушылар мотивациялық фильмді бірге тамашалап, өзара диалог құрып, достық қарым-қатынастарды орнатты.

    Енді клуб мүшелері ай сайын ресми және бейресми бөлімдерді қамтитын іс-шаралар өткізеді, деп хабарлайды mitc.uz.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates