Құжатта мынадай негізгі мақсаттар белгіленген:

– спорт саласын қаржыландырудың заманауи механизмдерін және баламалы қаржыландыру көздерін енгізу;

– спорт саласына бөлінетін қаражатты бағыттау жүйесін орталықтандыру, бюджет қаржысының көлемін ұлғайту және олардың тиімділігін арттыру.

Қаулыға сәйкес, Спорт министрлігі қасынан Спорт саласындағы бастамаларды қолдау қоры (Қор) құрылады.

2026 жылғы 1 сәуірден бастап:

– спорт федерациялары (қауымдастықтары) қызметіне байланысты жылдық барлық шығындардың кемінде 20 пайызы мөлшерінде демеушілік қаражат енгізген кәсіпкерді спорт федерациялардың (ұйымдарының) атқарушы органдарына енгізу жолға қойылады;

– кәсіби футбол клубтарының қызметіне байланысты жылдық барлық шығындардың кемінде 20 пайызы мөлшерінде демеушілік қаражат енгізген кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобына кәсіби футбол клубын сенімді басқаруға беру тәжірибесі енгізіледі.

2026 жылғы 1 сәуірден 2029 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде Суперлига және Пролигада қатысатын футбол клубтарының ойыншылары жеке табыс салығын төлеуден босатылады және олар үшін әлеуметтік салық мөлшерлемесі 1 пайыз көлемінде белгіленеді.