Қаулыға сәйкес, тұрғындардың психикалы салматтылығын қорғау қызметін түбегейлі жақсарту мақсатында, соның ішінде:
мамандандырылған психиатриялық және наркологиялық көмек көрсетудің бірегей вертикал басқару жүйесі енгізіледі;
Бастапқы буын медицина мекемелеріндегі психикалық саламаттылығын қорғау қызметтері интеграцияланады;
психикалық жағдайы бұзылған тұлғалар дәрі-дәрмектермен қажеттілігіне қарай толық қамтамасыз етіледі;
2023 жылдың 1 июлінен бастап Республикалық мамандандырылған наркологиялық ғылыми-тәжірибелік медицина орталығы Республикалық мамандандырылған психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығы болып қайта құрылады.
2023 жылғы 1 августан бастап мыналар енгізіледі:
аудандық (қалалық) көпсалалы орталық емханаларда – медициналық психолог;
стационарлық орынға ие болмаған психикалық-жүйке аурулары диспансерлері және құрамында диспансер бар болған психикалық аурулар ауруханаларында — суицидолог;
стационарлық орныға ие болған психиатриялық-жүйке аурулары диспансерлері мен психикалық аурулар ауруханаларында – қабылдау бөлімінің дәрігері, кезекші психиатр, медициналық психолог немесе психотерапевт штаттары.
2023/2024 оқу жылынан бастап «Психиатрия», «Медициналық психология» және «Наркология» клиникалық ординатура мен магистратураға қабылдау жалпы қабылдау параметрлері шеңберінде тек мемлекеттік грант негізінде жүзеге асырылады.
2023 жылғы 1 июлінен бастап аудандық (қалалық) көпсалалы орталық емханалардың психиатр және психиатриялық емдеу мекемелеріндегі психиатрлар, психолог, психотерапевттер және суицидологтардың еңбекақысына үстеме мөлшері 25 пайыздан 50 пайызға дейін өседі.