Кейбір жоғары оқу орындарына түсу кезінде шет тілі пәнінен шығармашылық емтихан өткізіледі

    Білім 20 Yanvar 2022 2960

    «Шетел тілдерін оқытуды жақсарту бойынша қосымша іс-шаралар туралы» Үкімет қаулысы (34-санды, 19.01.2022 ж.) қабылданды.

    Қаулыға орай, Шет тілдерін үйренуді бұқараландыру агенттігінің бюджеттен тыс қорына бір реттік 15 миллиард сум бөлінетін болды.

    2022 жылдың 1 мартынан бастап шет тілі пәні мұғалімдері үшін тыңдап түсіну, оқу, жазу және сөйлеу компентенцияларын дамытуға, сондай-ақ сертификат алуға бағытталған оқыту курстары ұйымдастырылады.

    2022/2023 оқу жылынан бастап мектеп үшін заманалық тіл үйрену әдістемелері негізінде әзірленген шет тілі оқулықтары шығарылады.

    Сондай-ақ, 2022/2023 оқу жылы қабылдауынан бастап шет тілдері бойынша мамандарды даярлауға мамандандырылған бірқатар жоғары оқу орындарында кіру емтихандарында шет тілдеріндегі тыңдап түсіну, оқу, жазу және сөйлеу компетенцияларын анықтауға және бағалауға бағытталған кәсіби (шығармашылық) емтихандар өткізілетін болады. Соның ішінде:

    пәндер кешеніндегі шет тілі бірінші пән ретінде кірітілген төмендегі ЖОО-ның бакалавриат білім беру бағыттарына:

    Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университеті;

    Самарқант мемлекеттік шет тілдер институты;

    Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті.

    төмендегі ЖОО-ның шет тілдер бойынша педагогтарды даярлау бакалавриат білім беру бағыттарына:

    Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті;

    Қоқан мемлекеттік педагогикалық институты;

    Нөкіс мемлекеттік педагогика институты.

    Шет тілі пәнінен кәсіптік (шығармашылық) емтиханды Мемлекеттік тестілеу орталығы жүргізеді.

    2024/2025 оқу жылынан бастап ЖОО-ға кіру емтихандары үшін белгіленген міндетті пәндер жинағына шет тілі пәні кезең-кезеңімен енгізіледі.

    2022 жылдың 1 сентябрінен бастап мектепке дейінгі, жалпы орта, орта арнаулы және кәсіптік, сондай-ақ мектептен тыс білім беру ұйымдарының шет тілі пәні мұғалімдерін аттестациялау үдерісін оқу пәні бойынша біліктілік сынақтарын Білім сапасын бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы жүргізеді.

    2022 жылғы 1 февральдан бастап 2024 жылғы 1 январьға дейін Ташкент және Самарқант қалаларында жұмыс істейтін беймемлекеттік білім беру ұйымдары:

    ғимараттар мен нысандарды жалға алу құнының 50%-ға дейінгі бөлігін өтеу тәртібі енгізіледі;

    министрліктер мен кеңселер жүйесіндегі колледждер мен техникумдарда қызметін жүзеге асырған кезде жалдау ақысынан босатылады (сақтау және коммуналдық төлемдерді есепке алмағанда).

    2022 жылдың 1 февралінен бастап халықаралық деңгейде мойындалған С1 деңгейіндегі ұлттық немесе оған теңестірілген сертификаты бар орыс тілі пәні мұғалімдеріне сертификатты алған күннен бастап 2 жыл бойы қосымша ақы төленеді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates