Кейбір облыстарда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және алып кету бойынша көрсетілетін қызметтер үшін бірыңғай төлем тарифтері белгіленді

    Урбанизация 28 Noyabr 2023 750

    Төлем тарифтері соңғы 2-4 жыл барысында қайта қаралған жоқ. Нәтижесінде санитарлық тазалау кәсіпорындардың қаржылық жағдайына теріс әсер етті және 2022 жылдың соңына дейін рентабельділік деңгейі күрт төмендеуіне әкелді.

    Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрліктің бастамасына сәйкес,аумақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын, халықтың табысы мен өмір сүру деңгейін ескере отырып, жаңа төлем тарифтерін бекіту алға қойылды.

    Бірыңғай төлем тарифтерін қарау кезінде Санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастырудың республикалық орталығы жұмысшы орган ретінде белгіленді. Жұмыс орган жүргізген талдауларға орай, өткен кезең барысында төлем тарифтеріне тікелей әсер ететін негізгі факторлар, атап айтқанда, жалақы 1,5 есеге, автокөліктердің жанар-жағар май өнімдері мен қосалқы бөлшектері құны, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің, сонымен қатар электр энергиясы, ауыз су және кәріз су бағалары 2 есеге, сығымдалған табиғи газ бағасы 4 есеге, жанармай 1,5 есеге, дизель отыны 2 есеге өскені анықталған.

    Алайда, республикада қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және алып кету бойынша халыққа көрсетілетін қызметтер үшін бекітілген төлем тарифтері соңғы 2-4 жыл барысында қайта қаралмағандықтан, санитарлық тазалау кәсіпорындарының қаржылық жағдайына бұл кері әсерін тигізіп, олардың 2022 жыл қорытындысы бойынша рентабелдік деңгейі күрт төмендеуіне әкелген.

    Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Ташкент, Самарқант, Ферғана және Әндіжан облыстарының Экономика және қаржы бас басқармаларының қорытындысына сәйкес, Халық депутаттары облыстық Кеңестердің тиісті сессиясының қаулыларымен мемлекеттік жеке серіктестік жобасының қатысушылары қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша көрсетілетін қызметтер үшін:

    Ташкент облысының жалпы 22 қала мен аудандарында төлем мөлшері жеке тұлғалар үшін бір адам айына 4400 сумды және заңды тұлғалар үшін 61 000 (ҚҚС-пен 68 320) сумды құрайды;

    Самарқант қаласы мен Самарқант ауданында жеке тұлғалар үшін 1 адамға айына 5000 сум және заңды тұлғалар үшін 90 000 сум (ҚҚС-пен) облыстың басқа аудандарында жеке тұлғалар үшін 1 адамға айына 4129 сум және заңды тұлғалар үшін 59693 сум (ҚҚС-пен) төлем мөлшерін құрады;

    Ферғана облысы қалаларында жеке тұлғалар үшін бір адамға айына 5000 сум және заңды тұлғалар үшін 48000 сум (ҚҚС-пен 53760), облыстық аудандарда жеке тұлғалар үшін 1 адам айына 4000 сум және заңды тұлғалар үшін 48000 сум (ҚҚС-пен 53760) төлем мөлшерін құрады;

    Әндіжан облысының жалпы 16 қаласы мен аудандарында жеке тұлғалар үшін 1 адамға айына 3500 сум, заңды тұлғалар үшін 47500 сум (ҚҚС қосқанда) төлем мөлшерін белгілеу бекітілді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates