Бұл туралы Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық гвардия қолбасшысы генерал-майор Р.Джураевтың бұйрығымен «Париж-2024» ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына лайықты қатысып, еліміз үшін тарихи жеңістер әкелген Ұлттық гвардия әскери қызметшілері мен қызметкерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ ата-аналары ынталандырылды.
Атап айтқанда, Ұлттық гвардияның «Үздік қызметтері үшін» төсбелгісімен және бағалы сыйлықпен Ұлттық гвардияның Ташкент қаласы бойынша басқармасының әскери қызметшісі – капитан Жалолов Баходир Исомиддин ұлы және Ұлттық гвардияның Әндіжан облысы бойынша басқармасының әскери қызметшісі – капитан Дусматов Хасанбой Маруфжан ұлы;
Бокс бойынша Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері — Тулқин Махмурович Қиличов, Өзбекстан құрамасының аға жаттықтырушысы — Розиохунов Рахматжон Турсунович, сондай-ақ бокс бойынша Өзбекстан әйелдер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы, Ұлттық гвардияның Мамандандырылған оқу орталығының аға оқытушысы —полковник Расулов Елшод Юнусович «Ұлттық гвардияның жанкүйер қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясының жеке құрамы арасындағы өздерінің адалдығы, ерлігі мен батырлығы өнеге болып, ұстаз-шәкірт дәстүріне сәйкес әскери қызметшілер мен жастар арасында спортты насихаттауға қосқан үлкен үлесі үшін капитан Жалолов Баходир Исомиддин ұлы мен капитан Дусматов Хасанбой Маруфжан ұлына Өзбекстан Республикасының Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысының рұқсатымен кезектен тыс «подполковник» әскери атағы мерзімінен бұрын берілді.