Кездесу барысында елдеріміз арасындағы Қорғаныс, Қорғаныс өнеркәсібі, Қауіпсіздік және Құқықты қорғау салаларында кең ауқымды ынтымақтастық орнатылғаны баса айтылды.
Атап айтқанда, 2021 жылдың 16-19 июнь күндері Корея ұлттық полиция Агенттігінің Бас комиссары Ким Чанг Ёнгтың Өзбекстанға сапары барысында, Өзбекстан Ұлттық гвардия мен Кореяның Ұлттық полиция агенттігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылғаны және бірқатар келісімдерге қол жеткізілгені, бұдан тыс үшжақты келіссөздер жүргізіліп, Өзбекстанның Ұлттық гвардиясы, Ішкі істер министрлігі мен Кореяның Ұлттық полиция Агенттігі арасында іс жүзіндік ынтымақтастық жоспарына қол қойылғаны да айтылды.
Сонымен қатар, Өзбекстан Ұлттық гвардиясы мен Кореяның Ұлттық полиция Агенттігі арасында қоғамдық тәртіпті сақтау, маңызды нысандарды қорғау, киберқауіпсіздік бағыттарында өзара ынтымақтастық байланыстарды дамытуға қаратылған мәселелер талқыланып, әскери кадрларды дайындау және біліктілігін арттыруда тәжірибе алмасуы, өзара танысу сапарлары, бірлескен тренингтер, семинарлар мен іс жүзіндік жаттығуларды ұйымдастырудың оң нәтижелері атап өтілді.
Өз кезегінде, елші Вон До Ён Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясының Корея тарапымен екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы барлық бастамаларын қолдап-қуаттауға дайын екенін білдірді.
Кездесу соңында Кореяның Ұлттық полиция Агенттігімен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.
Өзара құрмет пен сенім рухында өткен кездесу соңында Корея Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Вон До Ён мырза Құрметті қонақтар кітабына өзінің шынайы тілегін жазып қалдырды.