Ұлттық гвардияның балалармен жұмыс істеу жөніндегі инспектор-психологтардың өкілеттіктері күшейтіледі

    Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері комитеті кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасы Заң шығару палатасының кезектегі мәжілісіне бірінші оқылымда қарауға әзірленуде.

    Бұл туралы Олий Мажлистің заң шығару палатасы хабарлады.

    Осы заң жобасымен Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша аға инспектор-психологтар мен инспектор-психологтарға қатысты өкілеттіктерін Ұлттық гвардия органдарына беруді көздейтін өзгерістер мен қосымшалар енгізілуде.

    Бұл ретте, Ұлттық гвардияның балалармен жұмыс істеу басқармасы және олардың аумақтық бөлімдері қызметкердің әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі міндеттерді орындамауы, қоғамдық орындарда темекі немесе алкоголь өнімдерін тұтынуы, сондай-ақ кәмелетке томаған тұлғаны қоғамға жат әрекеттерге тарту бойынша істерді қарауға және әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты өкілеттерін нығайтатын өзгерістер енгізу көзделуде.

    Заң жобасы Ұлттық гвардия органдарының кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, балалардың құқықтарын, еркіндіктерін, сондай-ақ, заңды мүдделерін қорғауға қатысты қызметінің тиімділігін арттыруға, қоғамда заңды құрметтеу рухын қалыптастыруға қызмет етеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates