Бейтаныс адамдарды үйден тіркеуден шығару үшін олардың келісімі талап етілмейді

    2024 жыл 5 январьда Министрлер Кабинетінің «Мүлік құқығына қол сұқпауды сенімді қорғау бойынша іс-шараларды белгілеуге байланысты Өзбекстан Республикасы үкіметінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» 9-санды Қаулысы қабылданды.

    Осы қаулыға сәйкес тұрғылықты жерге қатысты мүліктік құқығы жоқ немесе тұрғын үй иесімен туыстық қатынасы жоқ адамдардың осы тұрғылықты жерінен тұрақты тіркеуден шығаруға келісімін алу жойылады (бұған тараптар арасында басқаша келісім жасалған жағдайлар кірмейді).

    Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік залалды өтеу жөніндегі республикалық және аумақтық мақсатты қорлардың қаржыларын қалыптастыру мен олардан пайдалану тәртібі туралы ереженің жаңа редакциясы бекітілді.

    Республикалық компенсация қорының қаржыларынан жер учаскелерінің қоғам мұқтаждығы үшін жер телімдерін тәркілеуге байланысты келтірілген залалды өтеуге бағытталатын болады.

    Аймақтық компенсация қорлары қаржыларынан төмендегілер үшін пайдаланылады:

    жер учаскелері қоғам мұқтаждығы үшін алып қоюға байланысты келтірілген залалды өтеу;

    жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мынадай залалдарды (бұдан кейінгі орындарда — мүліктік және моральдық зиян) өтеу:

    жылжымайтын мүлік нысандарына болған аумақтардың мемлекет реестріне заңсыз немесе шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді енгізу нәтижесінде оларға сенім артқан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залал;

    мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің заңға қайшы деп табылған қаулылары, әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға жеткізілген және соттың заңды күшіне енген қаулысымен анықталған залалдар;

    тергеуге дейінгі тексеруді жүзеге асыру органдары, іздестіру, алғашқы тергеу, прокуратура органдары мен соттың заңға қайшы деп тапқан әрекеттерінің (әрекетсіздігі) салдарынан жеткізілген залалдар мен моральдық залалдар;

    тұрғын үйді жалға алушыдан заңдылықта белгіленген тәртіпте талап етіп алынуға жол бермеуі нәтижесінде мүлік иесіне жеткізілген залал.

    Жер учаскелерін өтемақының орнына қоғам мұқтаждығы үшін алу нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік залалды өтеп беру схемасы төмендегіше:

    Қарақалпақстан Республикасының Министрлер Кеңесі, облыстар, Ташкент қаласы және аудан (қала) әкімдіктері – жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде немесе өз бастамаларына орай тиісті құжаттарды республикалық және аумақтық мақсатты қорларды бақылау кеңесіне (бұдан кейінгі орындарда —бақылау кеңестері) өтініш жасайды;

    бақылау кеңестері ұсынылған құжаттарды 3 жұмыс күні ішінде қарайды және жер учаскелерін қоғам мұқтаждары үшін алып қоюға байланысты жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеуді қаржыландыру туралы қаулы қабылдайды;

    Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі, облыслар, Ташкент қаласы мен аудан (қалалар) әкімдері 3 күн ішінде жеткізілген залалды өтейді.

    Жеке және заңды тұлғалар жеткізілген мүлік пен моральды залалды өтеу үшін жеке және заңды тұлғалар арыз, сот қаулысы мен басқа да тиісті құжаттарды қосымша түрде Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесiне, облыстар, Ташкент қаласы әкiмдіктерiне өтініш жасайды.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және 2024 жылдың 10 январынан күшіне енді, деп хабарлайды Norma.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates