Сұхбат барысында тараптар Өзбекстан мен Беларусь арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық бірлескен комиссияның алдағы 9-жиналысы аясында ірі келісімдерге қол жеткізуге өзара мүдделі екендіктерін білдірді. Бұл өз кезегінде сауда-экономикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және фармацевтика, көлік, білім, ғылыми-техникалық қызмет, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық және туризм салаларындағы өзара қарым-қатынастарды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың басынан бері азық-түлік өнімдері, түсті металдар, тоқымашылық, химия және мұнай өнімдері, ағаш және қара металдар айналымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға өсіп, 250 миллион доллардан асты. Жеткізілетін тауарлар номенклатурасын одан әрі кеңейту және өзара сауда көлемін ұлғайту мақсатында тараптар бірлескен «Жол картасына» қол қою және екі мемлекет аумақтарында сауда-логистикалық орталықтарды, сауда үйлерін және «шоу-румдарды» ұйымдастыру бойынша тиісті шаралар өткізуге келісіп алды

Сондай-ақ өндірістік кооперацияны кеңейту болашақтары да талқыланды. Беларусь компанияларына фармацевтикалық өнімдер өндірісін жолға қою, Өзбекстанда Беларусь тракторларын, сондай-ақ  коммерциялық, жол-құрылыс және ауылшаруашылық техникаларын өндіруді жергіліктендіру бойынша жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Тараптар дайын ауылшаруашылық өнімдерін үшінші елдердің базарына экспорттау үшін бірліккен фермерлік шаруашылықтар құруға, сондай-ақ “Агроэкспресс” жобасының қолда бар ресурстар мен мүмкіндіктер негізінде Өзбекстанның жеміс-жидек пен көкөністерін Беларусь базарына тікелей жеткізуді жолға қоюға ерекше назар аударды.

Келіссөздер соңында өзара қарым-қатынастарды тереңдету және қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша келесі шаралар айқындалды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.